Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің туралы ақпарат жыл 08/06/2016 арналған мүмкіндігі шектеулі балалар.

«Денсаулық Фестивалі» шарасына орай 8 маусым куні Сәтбаев қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік жұмыскерлер арасында спорттық ойындар насихатталды.

Қазақ  халқында «Баланы ойын өсіреді»  деген даналық сөз бар.Иә бала

ойнап жүріп ойланады,жүйкесі тынығады.Көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі

шымырланады.Мүмкіндігі шектеулі балаларға спорттық-қозғалыс йындарының маңызы өте зор.Аталмыш шараның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын, ой-өрісін, икемділігін,шапшаңдылығын, ойынга деген қызығушылықтарын арттыру болса, спорттық ойындар арқылы балалардың дене бітімін, ұсақ моторикасын дамыту, салауатты өмір салтын ұстану  осы шараның негізгі міндеттері болды.Балаларды екі топқа бөле отыра  ойындарымызды жарыс ретінде өткіздік.«Барыс» және «Сұңқар» болып екі топқа бөлінді. Атап айтар болсақ «Қаражорға» сергіту сәті,эстафета «Жалаушамен жүгіру», «Қаппен секіру», «Таяқшалардан қосаяқтап секіру», «Боулинг», « Доппен кедергіні айналу», «Ханталапай», «Арқан тарту», «Асық ойындары»   сынды ойындар барынша насихатталды. Спорттық  ойындар балалардың батылдық, ептілік, ұйымшылдық, жауапкершілік, төзімділік, халық  шығармашылығына деген сүйіспеншілік сияқты жақсы қасиеттерін дамытады. Сондықтанда осындай игі шаралар алдағы  уақыттада жалғасын таба бермек.