«Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Сәтбаев қаласы әкімдігінің

2016 жылғы «  »_________

№____ қаулысымен бекітілген

«Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін құрылған коммерциалық  емес ұйым.

2. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық    нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі  азаматтық-құқықтық    қатынастарға  өз  атынан   түседі.

5. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған    уәкілеттік   берілген  болса, мемлекеттің атынан  азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша  заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі  басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8.      Мемлекеттік мекеменің заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,Қарағанды облысы,101301,Сәтбаев қаласы,академик Қ.Сәтбаев  атындағы даңғылы,111.

9. Мемлекеттік  органның толық атауы –  «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10.  Осы Ереже «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып    табылады.

11.    «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі  қызметін  қаржыландыру    жергілікті бюджеттен, жүзеге асырылады.

12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі  функциялары болып табылатын  міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13.  «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің   миссиясы:

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

14. Міндеттері:

1) жұмыссыздық деңгейін төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында халықты жұмыспен қамту сұрақтары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

2) аз қамтылған отбасыларын, өмірде қиын жағдайда түскен адамдарға (отбасыларға), көп балалы аналарға және де басқадай әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға, ҰОС және еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету;

15. Функциялары:

1) «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі құзыретіне  жататын сұрақтар бойынша азаматтар мен занды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, қарау және Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген  мерзімдер мен тәртіпке сәйкес өтініш білдірушіге қабылданған шешім жөнінде хабарлау ;

2)   мемлекеттік сатып алуды жүргізу;

3)   мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;

4)   18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау және төлеу;

5)  тұрғын үй көмек тағайындау және төлеу;

6) «Өрлеу»  жобасы аясында шартты ақшалай көмек тағайындау және төлеу;

7)  басқа адамның көмегіне мұқтаж 1,2 топтағы жалғыс басты мүгедектерге күтім үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстемақылар тағайындау;

8) жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу;

9) мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу;

10)  мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу;

11) үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу;

12)  жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды рәсiмдеу;

13) қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу;

14) мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті  гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар рәсімдеу;

15) мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды рәсімдеу;

16) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен  қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсiмдеу;

17) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;

18) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу;

19) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;

20) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;
21) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;

22) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұратады;

23) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізеді;

24) халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді;

25) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;

26) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

27) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру;

28)  қорғаншы және қамқоршы тағайындау.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) бөлімнің міндеттері мен функцияларын орындау үшін жергілікті атқарушы органдардан, қалалық комитеттер мен басқармалардан, қажетті ақпараттарды сұрастыру және алу;

2) іс жүзіндегі заңнамаларда көрсетілген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекесімен басшылықты «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ММ-і   жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бірінші басшысын  қызметке тағайындайды және қызметтен босатады қала әкімі.

19. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан   Республикасының  заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің   бірінші басшысының өкілеттігі:

1)  өз орынбасарының және  қызметкерлерінің міндеттерін мен өкілеттігін белгілейді;

2) заңнамаға сәйкес «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңдарда белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;

4)   бұйрықтарға  қол қояды;

5) Мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін  білдіреді;

6) «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұйымдарда,мемелекеттік мекемелерде және кәсіпорындарда  (меншік нысанына қарамастан)  сенімхатсыз қорғайды;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған іс шараларды ұйымдастыру үшін жеке жауапкершілік алады.

8) «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

9) Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

21. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда  жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»мемлекеттік мекемесіннің   мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ  өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық   меншiкке жатады.

23.  Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі  өзiне  бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

24. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүргізіледі.