2016 жылғы «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» өңірлік конкурсын өткізуді ұйымдастыру

Мүмкіндігі шектеулі жандарды, өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді қолдау және халықтың әлеуметтік әлсіз тобының:

1.Жетім балалар;

2.Мүгедектер;

3.Жалғызбастылар және жұмыссыздар;

4.Аз қамтылғандар және көп балалы аналар;

5.Ардагерлер т.б.

Қарттар,ардагерлер және басқа да топтағы азаматтардың тұрмыс – жағдайын көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  және  әлеуметтік даму министрлігінде 2016 жылы « Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» конкурсын ұйымдастыру жоспарланған.

Конкурс екі турдан тұрады:

1-   Тур облыстық іріктеу  2016 жылғы сәуірден – 15 тамыз аралығы

2-   Тур ( финалдық) – республикалық 2016 жылғы қазан айында өтеді. Оған 1 турдың бір жеңімпазы қатыса алады.

Аталған іс шараға қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер үйымдары, басқа да мекекмелер мен құзырлы органдар. жеке тұлғалар мен қаржыландыру көзіне байланыссыз халықты әлеуметтік қорғау саласы аясында қызмет атқаратын  мемлекеттік емес ұйымдар қатыса алады.

Барлық сұрақтар бойынша Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы 111 үй, « Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуға болады. Тел: 7(71063) 3-33-09.