Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің 13.09.2016 жылғы жұмысының ақпараты

13 қыркүйек күні мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде Сәтбаев қаламыздың туған күніні мен қыркүйек айы отбасы күніне орай  «Отбасы-өмір өзегі» атты тәрбиелік мерекелік іс-шара өтті. Бұл мерекелік іс-шараның мақсаты:қаламыздың тарихын насихаттау осы күнмен ұштасқан отбасы күнін атап өту, біздің халқымыздың ұлттық салт- дәстүрін,   әдет-ғұрыптары мен отбасы тарбиесін насихаттау болды.

Бұл шараға 4 отбасы қатысты

  1. Махамбеталиевтер отбасы

2. Дүкенбаевтар отбасы

3.Әлденовтар отбасы

4.Салиевтер отбасы

Бұл  4 отбасы өзара бір-бірімен сайысқа түсті. Сайыс 4 бөлімнен тұрды.

  1. Таныстыру
  2. Бала тілегі
  3. Сұрақ- жауап
  4. Өз өнері

Сайысымыз өте тартымды өтті. Әр отбасы өз күш жігерін аямай, сұрақтарға да мүдірмей жауап берді. Өз өнерлерін көрсетуде барлық отбасы аянып қалмады. Сайыс соңында барлық отбасына мадақтау алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Іс-шара соңында барлық қатысқан балаларға  қаламыздағы Жеке кәсіпкер Сапарова Меруерт тәтті сыйлықтар үлестірді.