Сәтбаев қаласының тұрғындарының назарына!

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде 2019 жылға Қарағанды облысында еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар Жоспарын орындау мақсатында Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізетіндігін хабарлаймыз. Өткізілу орны және уақыты: 2019 жылдың 15 қарашада, сағат 15.00-де Сәтбаев қаласының Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде өтеді.