Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары!

Сіздерді Сәтбаев қаласындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды көздейтін Жұмыспен қамту жол картасы аясында ашылатын (ғимараттарды күрделі және орташа жөндеу, қаланы абаттандыру, жолдарды жөндеу) жұмыстарға шақырамыз.  Барлық сұрақтар бойынша Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз. Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі 148 үй, телефон 7-01-71, 7-15-35, 87084201126.