Кәсіптік оқыту

Кәсіптік оқыту

1. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды.

2. Егер:

1) қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмағанда;

2) кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстардың болмауына байланысты кәсібін (мамандығын), қызмет түрін өзгерту қажет болғанда;

3) бұрынғы мамандығы бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқанда, халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылуы мүмкін.

3. Кәсіптік оқыту:

1) жұмыс іздеп жүрген адамдар;

2) жұмыссыздар;

3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады.

4. Басым тәртіппен кәсіптік оқытудан өтуге:

1) мүгедектердің;

2) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың, асырап алушылардың, қорғаншылардың (қамқоршылардың);

3) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздардың;

4) алғаш рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ адамдардың;

5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдардың құқығы бар.

5. Халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытуды жүргізетін ұйым, жұмыс беруші және оқитын адам арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Жұмыссыз азаматтардың жаңа мамандықтарды игеруі мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші бағытының аясында қайта оқыту курстарына ағымдағы жылдың 5 маусымынан бастап 43 адам «аспазшы», «электргазбен дәнекерлеуші» мамандықтары бойынша «Сәтбаевтық индустриалдық колледж» КММ-не жіберілді. Оқу мерзімі 4 ай.

2017 жылда қайта даярлауға және қысқа мерзімді оқуларға 69 адам жіберу жоспарлануда болды. Сонымен 282 адам оқытылды.