Әлеуметтік жұмыс орындар

Әлеуметтік жұмыс орындары

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды енгізу халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін, еңбек нарығында нысаналы топтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдеседі.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың реті келесідей:

• Әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші Қазақстан Республикасының нысаналы топтардағы азаматтарын жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарт негізінде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;

• Әлеуметтiк жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшелiктерi болады: 1) жұмыс орындарының саны шектелмейдi; 2) жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

• Жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындары жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің қаражаттары есебінен ұсынылады немесе ұйымдастырылады.

• Бюджеттік қаражаттарды аудару бойынша есептесу жұмыс берушілердің есеп-шотына жүргізіледі.

•     Әлеуметтік жұмыс орындарын құру жұмыс беруші тарапынан жергілікті атқарушы органмен келісім-шартқа отыру негізінде жүзеге асырылады. Келісім-шартта жақтардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбек ақының көлемі мен шарты, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және мерзімі көрсетілуі қажет. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді таңдау тәртібі жергілікті атқарушы органмен анықталады.

• Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыз азаматтардың еңбек шарты, жұмыс берушімен жұмыссыз арасында құрылған еңбек келісім-шарттарда анықталады, және оларға еңбек, зейнеткерлік және сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері тарайды.

2017 жылда әлеуметтік жұмыс орындарына 40 адам жіберілді (жылдық жоспар 28 адам).